Азықтықтрикальций фосфаты Сa₃(PO₄)₂ - бұл ауылшаруашылық жануарларына минералды қоректендіргіш ретінде, құрама жем өндірісінде және барлық көкөніс, жеміс-жидек немесе сәндік дақылдарға құрамында фосфор бар тыңайтқыш ретінде қолданылатын азықтық қоспалары.
Оның сіңу дәрежесі өте жоғары және рационға, жасқа және басқа факторларға тәуелді емес. Рационға азықтық фосфаттарын енгізу осы макронутриенттердің жетіспеушілігімен байланысты ауруларды болдырмауға мүмкіндік береді, ағзадағы дұрыс зат алмасуды, демек иммундық және репродуктивті жүйелердің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Трикальцийфосфаты таза түрінде, әдетте, берілмейді, бірақ қоюландырылған жемшөппен, сүрлеммен немесе ұсақталған тамыр-түйнекті жемістілермен қоспада беріледі.
Таңертең қоректендіру алдында трикальций фосфатын жаңа дайындалған азықпен араластыру керек.
Кешкі қоректендіру алдында дайын азыққа минералды қоспаны қосу керек.
Бастапқыда препарат аз мөлшерде беріледі, ал 4-5 күннен кейін қажетті дозаларды қолдануға көшеді. 1 шай қасық – 3-4 г., 1 ас қасық – 10-12 г.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Трикальцийфосфаты тек салқындатылған азыққа қосылады! Салқын құрғақ жерде сақтаңыз.
Өндіруші: Қазақстан, "Казфосфат"
Қаптама, салмағы: 50 кг қаптар
"Казфосфат" - құрамында фосфор бар минералды тыңайтқыштар мен азықтық фосфаттарын өндірісі бойынша Қазақстандағы көшбасшы, өз меншігінде фосфор кенін өндіруден, өңдеуден және байытудан бастап дайын өнім шығаруға және оны кейіннен өткізуге дейінгі толық желісі бар. Негізгі өнімдері: Аммофос, Трикальций фосфаты, Сульфоаммофос және Фосфогипс.
Гранулированное удобрение для обеспечения сельскохозяйственных растений легко доступным фосфором и в небольшом количестве азотом.
Гранулированное удобрение для обеспечения сельскохозяйственных растений легко доступным фосфором и в небольшом количестве азотом.