Уведомление
Закрыть
Kіру Тіркеу

КAZCHEM Агроқызметі

Бүкіл Қазақстан бойынша фермерлерге өсірілетін дақылдардың өнімділігін арттыруға көмектесетін кәсіби консалтингтік қызметтер кешенін көрсетеді.

Өтінім қалдыру
БІЗДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІМІЗ

Біздің мамандар ауыл шаруашылығы өнімдерін Қазақстан топырағының барлық түрлерінде өсіру бойынша практикалық білім базасына ие және сізге шағын фермерлік шаруашылықтан бастап ірі агрохолдингтерге дейін әртүрлі мөлшердегі шаруашылықтарда ауыл шаруашылығы дақылдарының кең спектрі үшін топырақты минералдық қоректендіру жүйелерінің әзірлемесін ұсынуға дайын.

Жедел жапырақ диагностикасы
Толығырақ
Тыңайтқыштарды далалық сынау
Толығырақ
Топырақ үлгілерін іріктеу
Толығырақ
Топырақты кешенді агрохимиялық талдау
Толығырақ

Барлық сегменттердің үйлесімді жұмысы дұрыс шешімдер қабылдау және пайдаланылатын егіншілік жүйелерінің тиімділігін арттыру үшін ауыл шаруашылығы өндірушілеріне ұсыныстар қалыптастыруға мүмкіндік береді.

ОДАН ДА КӨП МҮМКІНДІКТЕР

KAZCHEM AGROACADEMY - бұл Д.Н. Прянишников атындағы Бүкілресейлік Агрохимия Ғылыми-Зерттеу Институтымен серіктестікте құрылған компанияның жаңа білім беру жобасы, ол агрохимия мен агротопырақтану саласында үлкен беделге ие және жоғары білікті ғылыми кадрлары бар.

Оқу барысында қатысушылар топырақ құнарлылығы, тыңайтқыштарды, химиялық мелиоранттарды және өсімдіктердің өсуін реттегіштерді қолдану саласында үлкен практикалық тәжірибесі бар тікелей Институттың жетекші профессорлары мен ғылыми қызметкерлерінен ауыл шаруашылығын тиімді жүргізу бойынша өз сұрақтарына жауап алады.

Оқудан өткен шағын шаруашылықтардан бастап ірі агрохолдингтерге дейінгі аграрийлер алған білімдерін өз шаруашылықтарының тәжірибесінде ынтызарлықпен қолданады.

 

"ШЕКТЕН ТЫС ТЫҢАЙТҚЫШ, БІЛІМНІҢ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІН ТОЛТЫРА АЛМАС", - Д. Н.Прянишников.

Оқудан кейін сіз мыналарды үйренесіз:

  1. топырақты агрохимиялық талдау деректері негізінде минералдық тыңайтқыштарды қолдануды
  2. жапырақты қоректендіруді жүргізуді
  3. минералдық тыңайтқыштарды саралап енгізуді
  4. тыңайтқыштарды енгізу үшін ГАЖ-технологияларын қолдануды
  5. фосфогипсті минералдық тыңайтқыштармен үйлесімде қолдануды
  6. аймақтардың климаттық ерекшеліктерін түсінуді

Курсты аяқтаған және тест тапсырудан сәтті өткен қатысушыларға Ресей Федерациясының мемлекеттік үлгідегі куәліктері беріледі.

Біздің оқушылардың пікірлерімен танысқыңыз келсе, ПІКІРЛЕРДІ мына жерден оқыңыз

Оқудан өтуге дайынсыз ба? САУАЛНАМА толтыру арқылы өтінім беріңіз

Жаңа оқу ағымының басталуы туралы білгіңіз келе ме? Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

 

 

KAZCHEM AGROACADEMY

Оқытудың жаңа модуліне тіркеліңіз. Орындар шектеулі!

Өтінім қалдыру