Уведомление
Закрыть
Kіру Тіркеу
2022-04-21
«Қазфосфаттың» Аммофос NP 10:46 жаңа бағасы

Құрметті Аграрийлер!

«KAZ Chemicals Trading House» ЖШС «Қазфосфат» ЖШС өндірісінің Аммофос NP 10:46 минералды тыңайтқышы бағасының 2022 жылдың 19 сәуірінен бастап төмендейтінін қуана хабарлайды. Жаңа баға ҚҚС және межелі станцияға дейін жеткізу құнын қоса алғанда Аммофостың тоннасына 195000 теңгені құрайды.

Сондай-ақ, 2021-22 жылдары Аммофос 10:46 тоннасын 195 000 теңгеден астам бағамен сатып алған барлық клиенттер үшін компания сатып алу бағасының айырмашылығы сомасына қосымша көлемді алу құқығын береді.

Осындай мүмкіндікті пайдаланғысы келетіндерден берілген үлгіге сәйкес өтінімді жүктеп алып, толтыруды және оны office@kazchem.kz электрондық мекенжайына жолдауды сұраймыз.

Өтінімді алғаннан кейін менеджеріңіз сізге қосымша көлемді алу шарттары мен мерзімдері бойынша дұрыс есептеулер мен толық нұсқаулықты береді. Өңірлік менеджерлердің тізімі төменде көрсетілген.

Өтінімдер 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін қабылданады.

Сондай-ақ, қадағалау сапасын арттыру үшін ПІКІР қалдыруыңызды сұраймыз

Біздің әрбір сатып алушы біз үшін қымбат, сондықтан ешкім жауапсыз қалмайды.

Сенім білдіргеніңіз және біздің өнімді таңдағаныңыз үшін рахмет!