Негізгі себеп - жануарлар рационындағы кальций мен фосфордың жетіспеушілігі. Рациондағы кальций жетіспеушілігінің ұзаққа созылуы әртүрлі жануарлар мен құстарға тән белгілермен көрінеді. Жетіспеушіліктің негізгі белгілерінің тізімін төменнен қараңыз, мүмкін олар сізге таныс болар.
Фосфор, сондай-ақ жануарлар ағзасындағы кальций сүйектер мен тістер құрамына кіреді және оның жануарлар рационындағы кемшіндігі келесідей бірқатар ауруларды тудыруы мүмкін:
Және бұл толық тізім емес.
Азықтың құрамындағы фосфор мен жануарлар өнімділігінің арасында сенімді байланыс бар. Фосфор жануарлар ағзасындағы негізгі құрылымдық элементтердің бірі болып табылады. Ағзаның маңызды функциялары - сүйектену, бұлшықеттің жиырылуы, алмасу өнімдерінің шығарылуы — фосфордың болуымен тығыз байланысты. Қаңқаның пайда болуымен, бұлшықет тінінің ұлғаюымен, сүттің құрамдас бөліктерінің синтезімен, жұмыртқаның пайда болуымен, түктің өсуімен байланысты синтетикалық процестер тек фосфор қышқылы қосылыстарының қатысуымен жүзеге асырылады. Фосфор — бұл ет сапасына әсер ететін жалғыз минералдық элемент.
Көптеген зерттеушілер ірі қара малдың фосфорға деген қажеттілігі жануардың тірі салмағына, өнімділік деңгейіне, физиологиялық жағдайына және ұстау жағдайларына байланысты екенін анықтады. Жануарлар мен құстардың басқа түрлерінің фосфорға қажеттілігі, ең алдымен, жануардың түрімен, оның физиологиялық жағдайымен, өнімділігімен, мақсатымен, салмағымен және басқа да белгілерімен анықталады.
Сондықтан ағзада заттардың дұрыс алмасуын және иммундық және репродуктивтік жүйенің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін фермерлердің көпшілігі азық рационына фосфат енгізеді. Кальций мен фосфордың осындай көздерінің бірі Үшкальций фосфаты болып табылады.
ҮШКАЛЬЦИЙ ФОСФАТЫ Сa3(Po4)2 - бұл ауыл шаруашылығы жануарларына минералдық үстеме қоректендіргіш ретінде, құрама жем өндіруге және барлық көкөніс, жеміс-жидек немесе сәндік дақылдарға фосфор бар тыңайтқыш ретінде қолданылатын жемшөп қоспасы.
Оның сіңіру дәрежесі өте жоғары және рациоға, жасына және басқа факторларға байланысты. Рациоға азықтық фосфаттарды енгізу осы макроэлементтердің жетіспеушілігімен байланысты аурулардан аулақ болуға, ағзадағы зат алмасуды қамтамасыз етуге, демек иммундық және репродуктивтік жүйелердің тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Күн сайын жануарларға арналған азыққа Үшкальций фосфатын қосатын болсаңыз, Сіз:
"Қазфосфат" ЖШС өндірісінің Үшкальций фосфатына тапсырыс беру үшін сіз 8-701-006-36-33 телефонына қоңырау шала аласыз немесе https://kazchem.kz/ru/product/trikaltsiyi-fosfat сайтында өтінім қалдыра аласыз.
Әдебиет: В.М. Косолапов, В.А. Чуйков, Х.К. Худякова, В.Г. Косолапова. «Азықтағы минералдық элементтер және оларды талдау әдістері». Мәскеу, 2019