Уведомление
Закрыть
Вход Регистрация
2022-02-22
"Казфосфат" ЖШС өткізетін Модульды оқыту бағдарламасына қатысуға шақырамыз

Құрметті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер!

Біз Сіздерді "Қазфосфат"ЖШС қолдауымен Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырған модульдік оқыту бағдарламасына қатысуға шақырамыз.

Оқыту бағдарламасы:

* 22 ақпан - Малазықтық дақылдарды өндіру және минералдық қоректендіру

* 23 ақпан - Көкөніс дақылдарын өсіру және минералдық қоректендіру

* 24 ақпан - Астық дақылдарын өндіру және минералдық қоректендіру.

Оқыту бағдарламасы қазақ тілінде жүргізіледі.

Оқыту 22-24 ақпан аралығында онлайн және офлайн форматында өтеді.
* Онлайн қатысуға ниет білдірушілер үшін төмендегі сілтемеге өтіңіз.

* Офлайн қатысу үшін мына мекен-жайға келіңіз: Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 51, 4 қабат

  Қатысу